Апостиль

Апостиль (Apostille) — ресми құжаттарға қойылатын және құжатқа қол қойған уәкілетті тұлғаның қолының түпнұсқалығын және осы құжат бекітілген мөрдің түпнұсқалығын куәландыратын арнайы мөр. Апостиль құжаттардың түпнұсқаларына, нотариат куәландырған көшірмелерге, нотариат куәландырған аудармаларға қойылады.

Апостиль Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (мекемелері), лауазымды адамдары немесе нотариустары ғана берген құжаттарға қойылады.

Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға (Гаагада 1961 жылғы 5 қазанда жасалған) сәйкес Апостиль осы құжаттарды дипломатиялық немесе консулдық заңдастыру қажеттілігінен босату мақсатында Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің ресми құжаттарына қойылады.

Қазақстанда апостиль қою үшін төмендегілерді ұсыну қажет:

  • апостиль қоюды талап ететін құжат;
  • азаматтың жеке басын куәландыратын құжат;
  • апостиль қоюға құжаттарды уәкілетті тұлға берген жағдайда сенімхат;
  • мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртекті тапсырады.

Астанада құжаттарға апостиль қою қанша уақытқа созылады? Біздің агенттікке жүгінсеңіз рәсімдеу уақыты 5 жұмыс күні.

Құжаттар:

  • Туу туралы куәлік;
  • Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік;
  • Неке туралы куәлік;
  • Некені бұзу туралы куәлік;
  • Әке болуды анықтау туралы куәлік;
  • Қайтыс болу туралы куәлік;
  • Аттестат;
  • Диплом;
  • Сертификат.

Мерзімі

  • Апостиль қоюдың стандартты мерзімі 3-5 жұмыс күні.

Форма обратной связи

Оставьте заявку и мы перезвоним вам в ближайшее время