Құжаттарды заңдастыру

1961 жылғы Гаага Конвенциясының құрамына кірмейтін елге ұсынылатын қазақстандық құжаттың заңды күші болуы үшін оны консулдық заңдастыру рәсімінен өткізу қажет. Бірден айта кету керек, апостиль қою және құжаттарды консулдық заңдастыру – бұл екі түрлі түсінік. Апостиль қою-шетелдік ресми құжаттарды консулдық заңдастыру талабының күшін жоятын, 1961 жылғы Гаага Конвенциясына қатысушы елге ұсынылатын құжаттарды заңдастырудың оңайлатылған тәртібі.

Құжаттарды консулдық заңдастыру - анағұрлым күрделі әрі қымбат рәсім, ол Қазақстанда бірнеше кезеңмен жасалады:

  1. Құжат көшірмесінің дұрыстығын нотариалды түрде куәландыру, шет тіліне аудару және аудармашы қолының түпнұсқалығын куәландыру,
  2. ҚР СІМ Консулдық департаментіндегі уәкілетті лауазымды адамның қолын куәландыру,
  3. Шығыс құжатты қабылдайтын мемлекеттің консулдығында кейінгі куәлік.

«Kaz Translation Services»- бұл құжаттарды заңдастыру негізгі қызмет түрлерінің бірі болып табылатын Агенттік. Агенттік толық заңды сүйемелдеу мен кәсіби көмек көрсетеді.

Сізге жұмыстан сұранып, кептеліске уақытыңызды зая кетірудің керегі жоқ. Біз Сіздің уақытыңызды үнемдейміз! Тек біздің Агенттікке хабарласыңыз, менеджер кеңес береді, кеңседен немесе үйіңізден құжаттарды алып кетеді және дайын құжаттарды Сіз көрсеткен мекен-жайға Сізге ыңғайлы уақытта әкеледі.

Басқа қалалар мен елдердің тұрғындарына көлік (әуе) шығыстарына жеңілдіктер беріледі!

Құжаттарды аударуды және заңдастыруды уәкілетті қызметкерлер ғана жүзеге асырады.

Құжаттарды консулдық заңдастыру қанша уақытқа созылады? Орташа алғанда, шамамен 5-7 жұмыс күні. Қызметтің құны 60 000 теңгеден бастап – құжаттар тапсырылатын елге байланысты. Өткізілген апостильдер мен заңдастырудың жарамдылық мерзімі жоқ. Тек кейбір жағдайларда, уақытша құжат жасалған кезде, апостильдеу тұрақты болып саналмайды.

Құжаттар:

  • нотариалдық көшірмелер;
  • жеке құжаттар;
  • заңды тұлғалардың құжаттары;
  • нотариалды көшірмесін растауға болатын кез келген құжаттар.

Қызметтің құнына кіреді:

  • құжаттың нотариалды көшірмесін куәландыру (1 бет.);
  • құжатты СІМ-де куәландыру;
  • құжатты ел консулдығына ұсыну (клиенттің қалауы бойынша).

Мерзімі

Консулдық заңдастырудың стандартты мерзімі 5-7 жұмыс күні.

Форма обратной связи

Оставьте заявку и мы перезвоним вам в ближайшее время